ҚР СІМ музыкант Дархан Жүнісбековтің жол апатынан қайтыс болғанын растады

Мәйітті Қазақстанға жіберу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.  

ҚР СІМ музыкант Дархан Жүнісбековтің жол апатынан қайтыс болғанын растады Фото: gov.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігі шетелде қайтыс болған қазақстандық әншіге қатысты ресми деректермен бөлісті.

Тайланд полициясының мәліметіне сәйкес, 24 ақпанда Пхукет аралында Қазақстан азаматы Дархан Жүнісбеков қайтыс болған.

"Біздің азамат жалдамалы мопедпен жүріп жол көлік апаты салдарынан қайтыс болды. Консул қаза тапқан адамның туыстарымен байланыста, мәйітті Қазақстанға жіберу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу бойынша жұмыс жүргізілуде", – деп хабарлады ҚР СІМ.

Айта кетейік, Darkhan Juzz есімімен танымал әнші - Алматының тумасы. Ол "Үйде", "Сапар", "Шекер", "Кейіпкер" әндерін шығарған және өзі орындады. Оның инди-поп жанрындағы әндері тыңдарманға ерекше жаңа стиль алып келген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу