ҚР СІМ: Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деген ақпарат расталмаған

976

Бұған дейін еліміздегі БАҚ Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деп ақпарат таратқан болатын.  

ҚР СІМ: Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деген ақпарат расталмаған

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деген ақпарат расталмаған, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

"Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа қатысты келесіні хабарлаймыз. Бұл ақпарат расталмаған, себебі Қазақстанның Сеулдегі Елшілігінің атына корей тарапынан ешқандай да ресми хабарлама келіп түспеген" делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ведомство біздің елдің дипломаттары Кореяда әлеуметтік желілерде таратылған ақпараттың нақтылығын анықтап жатқанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу