Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен оқиға 5 шілдеде екі ел шекарасындағы бақылау-өткізу бекеттерінің бірінде болған, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Видеода қазақстандық азамат пен өзбекстандық кеден қызметкері арасында жанжал туындағанын байқауға болады. Сол кезде кеденші Қазақстан азаматын ұрып жіберген.
– Бар ақпаратқа сәйкес, аталған оқиғаға байланысты Қазақстан мен Өзбекстан шекара өкілдері кездесу өткізді. Кездесу барысында өзбек тарапы бұл мәселені әділ әрі объективті қарастыратынын хабарлап, сендірді, – деп агенттікке жауап берген ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Осы орайда СІМ мәселенің ерекшелігін ескере отырып, мән-жайды анықтау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне жүгінуді ұсынып отыр.