ҚР СІМ Өзбекстанның Түркі кеңесіне кіруіне қатысты мәлімдеме жасады

1152

Сыртқы саяси ведомство Қазақстанның Өзбекстанның Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне (Түркі кеңесі, ТМЫК) кіруін қолдайтынын мәлімдеді.

ҚР СІМ Өзбекстанның Түркі кеңесіне кіруіне қатысты мәлімдеме жасады

"Өзбекстанның ТМЫК-ке мүшелігі түркі әлемінің интеграциясын нығайтуға және мемлекеттердің ынтымақтастығын жаңа белестерге шығуына ықпал етеді, әсіресе бұл Түркі кеңесі түркі елдерінің экономикалық өзара іс-қимылын күшейту жөнінде нақты қадамдар жасаған кезеңде орын алуда",– делінген мәлімдемеде.

Еске сала кетсек, биылғы 14 қыркүйекте Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісіміне қосылу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Сол күні Өзбекстан сыртқы істер министрлігі ТМЫК хатшылығына Өзбекстанның Түркі кеңесіне қосылуы туралы құжатты жіберді.

Өзбекстанның Түркі кеңесіне мүшелігі туралы шешімге ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары 2019 жылғы 15 қазанда Бакуде өтетін шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне арналған Түркі кеңесінің 7-ші саммиті барысында қол қояды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу