ҚР СІМ ресейлік мамандардың Қазақстандағы "ұлтшылдық" мәселесіне қатысты мәлімдемелерін сөз етті

754

"Аталмыш мәлімдемелер Ресей Федерациясының ресми ұстанымын көрсетпейді" - деп атап өтті қазақстандық СІМ.  

ҚР СІМ ресейлік мамандардың Қазақстандағы "ұлтшылдық" мәселесіне қатысты мәлімдемелерін сөз етті Фото: kaztag.kz

Мәжіліс аясында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ресей мемлекеттік арнасында көрсетілетін "Владимир Соловьевпен кеш" бағдарламасындағы мамандардың мәлімдемелеріне қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді, онда Қазақстан Ресей үшін Украинадан кейінгі екінші мәселе екендігі айтылып, ел ішінде болып жатқан "ұлтшыл процестер" атап өтілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мұндай мәлімдемелерге келетін болсақ, Мемлекет басшысы да, Сыртқы істер министрлігінің басшылығы мен басқа да басшылар, соның ішінде Парламент палаталарының спикерлерімен осындай бос сөз, пікірлер мен мәлімдемелерге қатысты мәселе талай көтерілді, айтылды. Біріншіден, әлгі адамдар Ресей Федерациясының ресми ұстанымын көрсетпейді деп санаймыз. Екіншіден, олар Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы дәстүрлі тығыз қарым-қатынасқа нұқсан келтіреді, үшіншіден, РФ мұндай әрекеттерді жауапсыз қалдырмауы керек", - деді ол.

Сөз соңында журналистер шенеуніктен СІМ-нің алдағы уақытта тиісті елшіні шақыру мүмкіндігі жайлы сұрады.

"Әзірге менде ондай ақпарат жоқ. Біздің ұстанымымызды жаңа ғана айттым", - деп түсіндірді Василенко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу