ҚР СІМ: Шет мемлекеттерде 8800 қазақстандық дауыс берді

687

Шетелдерде 8800 қазақстандық дауыс берді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.  

ҚР СІМ: Шет мемлекеттерде 8800 қазақстандық дауыс берді Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері жанынан 62 шет мемлекетте сайлаушылардың жалпы саны 12 132 адамнан тұратын 77 учаскелік сайлау комиссиясы ашылған.

"Қазіргі уақытта шетелдегі барлық учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысын аяқтады. Дауыс беруге 8800 ҚР азаматы қатысты, бұл дауыс берушілердің 72,54% құрады", - деп мәлімдеді ҚР СІМ.

Айта кетейік, кеше 19 наурызда Қазақстанда Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау өтті.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 22:10-дағы жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19% бюллетеньдер алды.

Осылайша, дауыс беруге құқылы 12 035 578 азаматтың ішінен 6 521 860 адам сайлауға қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу