ҚР СІМ шетелдегі қазақстандық студенттерге көмектесу үшін жедел штаб құрды

767

Министрліктің хабарлауынша, қазіргі таңда әлемде жалғасып жатқан коронавирус індеті шетелде білім алатын қазақстандық студенттер үшін белгілі бір қиындықтар туғызуда.  

ҚР СІМ шетелдегі қазақстандық студенттерге көмектесу үшін жедел штаб құрды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі шетелдегі қазақстандық студенттердің мәселелерімен айналысатын арнайы жедел штаб құрды, деп хабарлайды министрліктің Telegram каналы.

Көптеген елдерде тұрақты авиациялық және көлік байланысы тоқтатылып, шетелдік азаматтарға кіруге тыйым салынып, карантин режимі сақталуда. Шетелдік оқу орындары шетелдік студенттер үшін қашықтан оқыту форматына көшкен.

"Осыған байланысты қазақстандық студенттердің жұмыстарын үйлестіру және оларға қажетті көмек көрсету үшін Сыртқы істер министрлігінде Жедел штаб құрылып, оған Орталық аппарат қызметкерлерімен қатар шетелдегі консулдық қызметкерлері де кірді. Консулдық қызметкерлер өздері орналасқан елдердегі әр университетпен байланыс орнатып, шетелдік студенттер үшін ұсынылатын оқу форматын анықтауда. Сонымен қатар, СІМ штабы Қазақстанда тіркелген шетелдік елшіліктермен тұрақты байланыста. Штаб біздің студенттерге университеттермен байланыс орнатуда, виза рәсімдеуде, белгілі бір елге кіру мен шекарадан өту және т.б. мәселелерде көмек көрсетеді", – делінген министрліктің ақпаратында.

Студенттер мен олардың ата-аналарынан барлық сұрақтар бойынша ҚР СІМ Жедел штабына хабарласуға болады. Тел:+7 (7172) 72-00-46, 72-00-47, 72-05-49, электрондық пошта - covid19@mfa.kz.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу