ҚР СІМ: Тайландтағы апаттан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

804

Пхукет аралында (Тайланд) екі катер соқтығысты. 

ҚР СІМ: Тайландтағы апаттан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Тайландтың Пхукет аралында екі катер соқтығысып, 24 азамат зардап шекті. ҚР СІМ зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары болмағандығы туралы хабарлады.

"2020 жылғы 10 ақпанда Пхукет аралында (Тайланд) екі катер соқтығысты. Бір катерде тай экипажы, екіншісінде 39 ресейлік турист болды. Тайланд құзыретті қызметтерінің ақпараты бойынша, ауруханаларға 21 ресейлік азамат пен Таиландтың үш азаматы жеткізілді. Бірнеше адам ауыр жағдайда. Зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу