ҚР СІМ: Зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғы тексерілуде

768

ҚР СІМ: Зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғы тексерілуде

ҚР СІМ Германияда болған оқиғадан зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғын тексеруде, деп хабарлайды abctv.kz.
"Германияның солтүстік-батысындағы Мюнстер қаласында жүк көлігінің бір топ адамды қағып өтуінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатырмыз. Қазақстанның Германиядағы елшілігінің дипломаттары жергілікті полиция өкілдерімен үздіксіз байланысып отыр", - деп жазады ҚР СІМ баспасөз жетекшісі Әнуар Жайнақов фейсбуктегі парақшасында.

Еске сала кетсек, Мюнстер қаласында белгісіз біреу жүк көлігігімен жаяу жүргіншілерді қасақана қағып өткен. 3 адам қаза тапты, тағы 20-ға жуығы жарақат алған.

Кейінірек анықталғандай, оның лаңкес еместігі анықталды. Ол – жүйке ауытқушылығына ұшыраған Германияның 48 жастағы азаматы болып шықты. Қаза тапқан 3 адамның біреуі қаскөйдің өзі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу