Тараптар Қазақстанның БҰҰ-ның адам құқықтары саласындағы органдарымен және тетіктерімен ынтымақтастығының өзекті күн тәртібін талқылады. Министр АҚЖКБ-мен және БҰҰ қамқорлығымен жұмыс істейтін тәуелсіз құқық қорғау тетіктерімен өзара іс-қимыл еліміздің осы халықаралық ұйыммен ынтымақтастығының басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.
Осы тұрғыда қазақстандық тарап БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне үш жылдық мүшелігінің басталуына берілген маңыздылығын атап өтіп, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Женевадағы 49-шы сессиясының жоғары сегментіне қатысу ниетін растады.
СІМ басшысы БҰҰ делегациясын Қазақстандағы қаңтар оқиғаларының себептері мен салдары, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы өзінің халықаралық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін мемлекет қабылдап жатқан кешенді шаралар туралы хабардар етті. Ол адам құқықтарын бұзу, соның ішінде заңсыз ұстау және қатыгездік туралы кез келген ақпарат мұқият тексерілетініне сендірді.