Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қырғыз тарапының шақыруымен Қырғызстанға ресми сапармен барды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.
Айта кетейік, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшысын "Манас" халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Асеин Исаев және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Бішкек қаласында болу бағдарламасына сәйкес, Қырғызстан мен Қазақстанның сыртқы істер ведомстволары басшыларының келіссөздері өтіп, оның барысында қырғыз-қазақ стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының өзекті мәселелері талқыға салынады.