Кездесу барысында барлық қатысушы елдер бұл бастаманың өзектілігін, кездесулерге тұрақты сипат беру және ынтымақтастық форматын басқа салаларға кеңейту қажеттілігін растады.
Іс-шара қорытындысы бойынша саяси диалог пен қауіпсіздік, экономикалық және инвестициялық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық сияқты өзара іс-қимыл 6 салаларын қамтитын 2023-2027 жылдарға арналған стратегиялық диалог пен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары, сондай-ақ баспасөзге арналған бірлескен мәлімдеме қабылданды.
2023 жылы Өзбекстанда келесі кездесуді және Қазақстанда Орталық Азия – Парсы шығанағындағы араб елдерінің ынтымақтастығы жөніндегі кеңестің бірінші экономикалық форумын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Жұмыс сапары аясында М.Тілеуберді Сауд Арабиясы, Бахрейн, Оман, Түрікменстан, Тәжікстан сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен, сондай-ақ Сауд Арабия Корольдігінің инвестициялар министрі және "SABIC", "Ajlan&Bros" және "Maaden" компанияларының басшылығымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.