ҚР Сыртқы істер министрлігі шетелдегі азаматтарға паспорт рәсімдеу тәртібін жаңартты

216

Аталған жоба 6 сәуірге дейін Ашық НПА порталында талқылауда болады. 

ҚР Сыртқы істер министрлігі шетелдегі азаматтарға паспорт рәсімдеу тәртібін жаңартты Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетелде жүрген азаматтар үшін паспорт рәсімдеу мерзімін едәуір қысқартуды көздейтін бұйрық жобасын әзірледі. Жаңа өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету уақыты екі есеге жуық азаймақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қолданыстағы ережелерге енгізілетін бұл түзетулер халықаралық стандарттар мен цифрландыру талаптарына негізделген. Осылайша бұған дейін айлап күтетін қызмет енді санаулы апта ішінде көрсетілмек.

– Сыртқы істер министрлігі шетелде жүрген азаматтар үшін паспорт рәсімдеу мерзімін қысқартуға бағытталған өзгерістер жобасын дайындады. Осылайша, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 90 жұмыс күнінен 40 жұмыс күніне дейін қысқартылады. Сонымен қатар ережелерді қолданыстағы заңнамаға, атап айтқанда "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" заңға және Цифрлық кодекске сәйкес келтіру үшін редакциялық түзетулер енгізілуде, – делінген құжатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу