ҚР төрағалығымен ШЫҰ елдері өңірлік ынтымақтастықтың басымдықтарын ілгерілетуде

361

Қатысушылар Қазақстанның бастамасымен ұйымды одан әрі нығайту және дамыту, сондай-ақ ынтымақтастықты практикалық шаралармен толықтыру жөніндегі ұсыныстарын қарады.  

ҚР төрағалығымен ШЫҰ елдері өңірлік ынтымақтастықтың басымдықтарын ілгерілетуде Фото: ҚР СІМ

Бейжіңде Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілер кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстанның бастамасымен ұйымды одан әрі нығайту және дамыту, сондай-ақ ынтымақтастықты практикалық шаралармен толықтыру жөніндегі ұсыныстарын қарады.

Қазақстанда өтетін ШЫҰ негізгі органдары – Мемлекет басшылары кеңесінің, Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырыстарын, сондай-ақ Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесулерін сапалы дайындау бойынша мәселелерге басты назар аударылды.

2024 жылы Астанада өткен ШЫҰ саммитінде қол қоюға жоспарланған құжаттардың жобаларына, оның ішінде Мемлекет басшысы айтқан "Әділетті әлем мен келісімді жақтайтын дүниежүзілік бірлік туралы" ШЫҰ бастамасына келісу жұмыстары жүргізілді. ШЫҰ-ның қазіргі кезеңдегі қызметін жетілдіру мәселесі бойынша тиісті шаралар мен ұсыныстар қаралды.

Ұлттық үйлестіруші, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Мұрат Мұқышев атқарылып жатқан жұмыстың маңыздылығын, сондай-ақ тиімді практикалық көпжақты өзара іс-қимыл мүддесінде ШЫҰ-ны жетілдіру мәселесі бойынша объективті және өзара қолайлы шешімдерді әзірлеуде мүше мемлекеттердің сындарлы көзқарасын атап өтті.

Ұлттық үйлестірушілер Ұйымның ағымдағы қызметінің мәселелерін, оның ішінде ШЫҰ-ның 2024 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарын да талқылады.

Отырыс дәстүрлі түрде жылы достық атмосферада өтті. Тараптар бірлескен жұмыстың нәтижелілігін, Қазақстанның ұйымға төрағалық етуінің басымдықтары мен жоспарларын іске асыруға бағытталғандығын көрсетті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу