Астанада ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйақысының лауреаттары анықталды, деп хабарлайды 24.kz.
Биыл байқауға мәдениет және өнер саласынан 50-ден астам үміткердің өтініші қабылданса, ғылым және техника саласы бойынша 60-қа жуық жас ғалым қатысуға ниет білдірген. Солардың ішінен 21 үміткер ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйақысының лауреаты атанды. Жеңімпаздар 12 аталым бойынша таңдалды. Қор алғаш рет 2008 жылы ғылым, мәдениет және өнер саласында өз сыйақысын тағайындаған. Бас-аяғы 10 жылдың ішінде барлығы 200-ден астам дарын иесі марапатқа ие болды. Олардың ішінде қазақ елін әлемге танытып жүрген Димаш Құдайберген мен Сүндет Байғожин секілді ел мақтаныштары бар.
"Бұл сыйақы театр номинациясы бойынша беріліп отыр. "Достар серті" мюзиклі үшін. Ол мюзикл – біздің Астанамыздағы тұңғыш мюзикл театрының тұңғыш спектаклі. Оны Артур жазды. 2016 жылы бұл сахналанды", - дейді Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨ академиясы кафедрасының аға оқытушысы Есләм Нұртазин.