ҚР ҰЭМ 12 өңірдегі коммуналдық кәсіпорындарды тексерді

396

Сондай-ақ, 18 табиғи монополиялар субъектісі қамтылды.

ҚР ҰЭМ 12 өңірдегі коммуналдық кәсіпорындарды тексерді Фото: inbusiness.kz

ҚР ҰЭМ еліміздің 12 өңіріндегі коммуналдық кәсіпорындарды тексерді, деп хабарлайды  inbusiness.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Бұл жұмыс "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүргізілуде.

18 табиғи монополиялар субъектісі қамтылды (14 тамыздағы жағдай бойынша):
- Алматы қ. – "Алматы Су" ШЖҚ МКК, "Алматы теплокоммунэнерго" ЖШС 
- Алматы обл. – "Ұйғыр су құбыры" МКК, "Қонаев Су Арнасы" МКК
- Ақтөбе обл. – "СНПС Ақтөбемұнайгаз" АҚ, "Қазхром" ТҰК" АҚ
- Қостанай обл. – "EPK Atica" ЖШС, "Лисаковскгоркоммунэнерго" ШЖҚ МКК
- Ұлытау обл. – "Жезқазған электр желісін тарату компаниясы" АҚ
- БҚО – "Жайықтеплоэнерго" АҚ
- СҚО – "Петропавл Жылу Желілері" ЖШС, "Севказэнергосбыт" ЖШС
- Абай обл. – "Бородулиха ауданының коммуналдық шаруашылығы" КМК
- Маңғыстау обл. – "Ақтау электр желілері басқармасы" МКК
- Қарағанды обл. – "Қарағанды Жарық" ЖШС, "Шахтинстеплоэнерго" ЖШС
- ШҚО – "Согра ЖЭО" ЖШС
- Атырау обл. – "Атырау Жарық" АҚ

Жалпы, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының бекітілген инвестициялық бағдарламаларға сәйкестігі, сондай-ақ осы іс-шаралардың, атап айтқанда, қазандық агрегаттарын реконструкциялау/күрделі жөндеу, инженерлік желілерді, сорғы станцияларын, күштік трансформаторларды және басқа да жабдықтарды жаңғырту бойынша уақтылы орындалуы тексерілді.

Тамыз айында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті жергілікті атқарушы органдармен және қоғам белсенділерімен бірлесіп тағы 69 коммуналдық кәсіпорынды тексереді. Барлық мүдделі тұлғалар осы кәсіпорындардың техникалық жай-күйімен танысатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу