ҚР ҰЭМ ауылдық жерлерді сумен қамту мәселелерінің шешу жолдарын атады

1469

ҚР ҰЭМ ауылдық жерлерді сумен қамту мәселелерінің шешу жолдарын атады

Үкімет отырысы барысында ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ауылдық жерлерді сумен қамту саласы бойынша мәселелердің алдағы кезеңде шешу жолдарын айтып берді.

"Біріншіден, елді мекендердегі су арнасы басқармасын оңтайландыру, топтық су тартқышқа "біріктіру" үшін олардың "Қазсушар" РМК бірыңғай басқармасына жіберілген хабарламасын қайта қарауды ұсынамыз. Екіншіден, "жекешелендірілген" су арналарының шығынын оңтайландыру мақсатында сумен жабдықтау операторларын кеңейту мүмкіндігін қарастыру ұсынылады. Оның қатарында ауылдық су арналарын неғұрлым ірілеріне қосу қарастырылды. Үшіншіден, "Ақ бұлақ" бағдарламасында қарастырылған, алайда жүзеге асырылмаған жүйелік және кешендік амалдарының принциптерін қайта қолға алу маңызды деп есептейміз", – деді министр.

Сонымен қатар, Қ. Бишімбаев осы жұмыс аясында ауылдық жерлерді олардың алшақтығы, халқының саны және экономикалық сәйкестігі бойынша орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз ету өлшемдерін қайта қарау ұсынылып отырғанын тілге тиек етті.

Primeminister.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу