ҚР ҰЭМ мен Дүниежүзілік банк Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту перспективаларын талқылады

337

Теміржол көлігін оңтайландыру мәселелері талқыланды.

ҚР ҰЭМ мен Дүниежүзілік банк Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту перспективаларын талқылады Фото: Министрлік

Бүгін Астанада ҚР Ұлттық экономика министрі, Қазақстаннан Дүниежүзілік банктің басқарушысы Әлібек Қуантыров ДБ (Дүниежүзілік Банк) өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Дүниежүзілік Банктің консультанттар тобы "Орта сауда-көлік дәлізі: 2030 жылға қарай жүк тасымалы көлемін үш есе ұлғайту және жол жүру уақытын екі есе қысқарту үшін қажетті стратегиялық шешімдер мен инвестициялар" зерттеуінің негізгі қорытындыларын ұсынды.

Баяндамада көлікке сұранысты қанағаттандыру және Қазақстанда, Әзірбайжанда және Грузияда экономикалық дамуды қолдау үшін қажетті негізгі бағыттар мен инвестициялар айқындалған. Транскаспий маршрутындағы жүк тасымалының ағымдағы көлемін 3 есе арттыруға көмектесетін ықтимал шешімдерге талдау жасалды. Ақпараттық жүйелерді, су және теміржол көлігін оңтайландыру мәселелері талқыланды.

ДБ мәліметтері бойынша,  ТХКБ (Транскаспий халықаралық көлік бағыты) басқару тиімділігін арттыру Еуропалық одақпен сауда көлемін 28%-ға, сондай-ақ Грузия және Әзірбайжанмен тауар айналымын 37%-ға ұлғайтады. Тауарлардың өткізу қабілетін арттыру үшін Түркия, Грузия, Әзірбайжан және Қытаймен үйлестіру перспективалары анықталды.

ҰЭМ басшысы атап өткендей, құжаттың басым бағыттары біздің негізгі тасымал жолдарды әртараптандыруға және халықаралық сауданы дамыту үшін әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді. ТХКБ ең перспективалы бағыттардың бірі болып табылады.

Өз кезегінде Дүниежүзілік банктің ҚР-дағы Тұрақты өкілі Андрей Михнев осы бағытты дамытуға дайын екенін жеткізді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу