ҚР ҰЭМ: өңдеуші өнеркәсіпте өрлеу бар

1191

ҚР ҰЭМ: өңдеуші өнеркәсіпте өрлеу бар

ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ағымдағы жылдың 9 айында елімізде құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік саласы мен өңдеуші өнеркәсіп салаларында оң серпін байқалғандығын мәлім етті, деп хабарлайды pm.kz.

Сондай-ақ, азық-түлік, тоқыма бұйымдары мен фармацевтика өнімдерінің өндірісі өскен.

Ол сонымен қатар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында өнеркәсіп өсімінің жоғарғы қарқыны байқалатындығын айтып өтті.

"Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өсімі өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісін 7,0%-ға ұлғайту есебінен шамамен 5%-ды құрады. Мал шаруашылығы өнімдерін шығару 2,5%-ға өсті. 11 қазандағы жағдай бойынша 15,2 ц/га өнімділіктен 23,2 млн тонна астық бастырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4 ц/га-ға жоғары көрсеткіш. Құрылыс жұмыстарының көлемі тұрғын үй құрылысын ұлғайту есебінен 6,9%-ға артты. Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде тұрғын үйлерді пайдалануға беру Павлодар, Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда облыстары мен Астана қаласындағы тұрғын үйлерді өткізудің айтарлықтай ұлғаюы есебінен 13,6%-ға өсті", – деп мәлімдеді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу