ҚР үкіметі мен америкалық компаниялар жобаларды бірлесіп іске асыруға келісті

1109

Жоба суару, су ресурстарын ұтымды пайдалану, жем-шөп өндіру, фермерлерді оқыту мен тренинг өткізу, білікті кадрлар даярлау саласындағы озық технологиялар трансферті бойынша фермалар желісін құруға бағытталған.

 ҚР үкіметі мен америкалық компаниялар жобаларды бірлесіп іске асыруға келісті

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ҚР үкіметі мен америкалық компаниялардың ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимыл бойынша құжаттарға қол қоюына қатысты, деп хабарлайды primeminister.kz. 

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пен Valmont Industries президенті, бас директоры Cтив Каневски жерлерді суару саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. 

Жоба суару, су ресурстарын ұтымды пайдалану, жем-шөп өндіру, фермерлерді оқыту мен тренинг өткізу, білікті кадрлар даярлау саласындағы озық технологиялар трансферті бойынша фермалар желісін құруға бағытталған. Заманауи ирригациялық қондырғылар ұсынылатын алаңдарды Ақмола және Түркістан облыстарында құру жоспарланған. 

Өз кезегінде, Valmont Industries, Global Beef (АҚШ) және Kusto Group (ҚР) арасында қол қойлыған келісімнің мақсаты – Қазақстанда қуаттылығы жылына кемінде 1000 жүйе болатын, инвестициялар көлемі $50 млн құрайтын заманауи ирригациялық қондырғыларды шығаратын зауыт салу бойынша бірлескен кәсіпорын құру.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу