ҚР үкіметі мен Ұлттық банк ортақ мәлімдеме қабылдады

827

ҚР үкіметі мен Ұлттық банк ортақ мәлімдеме қабылдады

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов пен Ұлттық банктің басқарма төрағасы Данияр Ақышев экономикалық саясаттың 2018 жылға арналған негізгі бағыттары туралы баяндады. Нәтижесінде үкіметтің сәйкес қаулы жобасы қабылданды, деп хабарлайды primeminister.kz.

2017 жылы Қазақстан экономикасы 4,0%-ды құрап, серпінді өсуге шықты. Негізгі капиталға түсетін инвестициялардың өсу қарқыны 2016 жылмен салыстырғанда 5,5%-ды құрап, 2,7 есе жеделдеді.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, ҚР үкіметі мен Ұлттық банктің мәлімдеме жобасы еліміздің макроэкономикалық және ақша-кредит саясатының 2018 жылға арналған басымдықтары туралы жалпақ жұртты ақпараттандыру мақсатында әзірленген.  

Үкімет пен Ұлттық банк жүргізетін экономикалық саясат жыл соңына соңында инфляция деңгейін 5,0-7,0% дәлізінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы мақсатты қамтамасыз ету инфляцияны 2020 жылдың соңына қарай 4%-ға дейін біртіндеп төмендетуге маңызды қадам болмақ.

"Үкіметтің басты назары азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар бағаларының, монополистер қызметтері тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермеуге тоғыстырылады, сондай-ақ жасанды тапшылық, бағаға уағдаласу және жосықсыз бәсеке құру мүмкіндігі жойылады", - деді Тимур Сүлейменов.

Жалпы 2018 жылы экономикалық саясат тұрақты экономикалық өсуді, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, банк секторының тұрақтылығы, инвестициялық және бизнес ахуалды жақсарту, сондай-ақ экономика салаларын дамыту арқылы ынталандыруға бағытталады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу