ҚР Үкіметі "жетілген" мұнай кен орындарының одан әрі игерілуін қолдайды

654

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Энергетикалық кеңестің отырысында "жетілген" мұнай кен орындарын одан әрі игеру жөніндегі шаралар қаралды.

ҚР Үкіметі "жетілген" мұнай кен орындарының одан әрі игерілуін қолдайды Фото: primeminister.kz

Бұл туралы inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, өндіріске тартылған инвестициялар көлемін ұлғайту және кен орындарының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту, салық салу, жұмыспен қамту, экологиялық талаптарды сақтау және басқа да бірқатар мәселе талқыланды.

Премьер-Министр "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мен уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынған кен орындарындағы тұрақты өндіру деңгейін және мемлекеттік бюджетке түсімдердің ұлғаюын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тәсілдерді қолдады.

Сонымен қатар отырыста "Теңізшевройл" ЖШС жұмысының өзекті мәселелері қаралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу