"ҚР Үкіметінде міндетті вакцинациялау туралы заң қабылданбақ"

623

Қазнетте Үкіметте жаппай вакцинация туралы заң қабылданатыны туралы ақпарат таратуда. Мәтінде қарсы дауыс беру бойынша нұсқаулық берілген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"ҚР Үкіметінде міндетті вакцинациялау туралы заң қабылданбақ"

STOPfake.kz "іс жүзінде Қазақстанда мұндай заң қабылдау жоспарда жоқ" деп, жоққа шығарды.

"КВИ қарсы вакцинация эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулар тізбесіне енгізілген. Бұл ретте егулер вакцина салдыратын адамдардың ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі", – деген министрліктің баспасөз қызметінен дәлел келтірген.

Ведомство өкілдері бүгінгі таңда міндетті профилактикалық егулер жүргізілетін аурулар тізбесін кеңейту жоспарда жоқ екенін атап өткен: "Қазіргі кезде бірден бірнеше эндемикалық емес елде тіркеліп отырған маймыл шешегіне келетін болсақ, әзірге қазақстандықтар оған қарсы егілмейді".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу