Үкіметте моноқалаларды дамыту жөніндегі жоспар бекітілді

611

Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында моноқалаларды дамыту жөніндегі жоспарлар қаралды. 

Үкіметте моноқалаларды дамыту жөніндегі жоспар бекітілді Фото: primeminister.kz

Қазіргі уақытта республикада 27 моноқала бар. 1,4 млн адам тұратын қалаларда 32 қала құраушы кәсіпорын жұмыс істейді.

2015 жылдан 2021 жылға дейін аталған елді мекендерде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,3-тен 11,2 трлн теңгеге дейін өсті, бұл ел бойынша жалпы көрсеткіштің 29%-ы.

Бүгінгі таңда 2,1 трлн теңгеге 86 "зәкірлі" жобаның пулы қалыптастырылды. Бұл жобалар моноқалаларда 18 мыңнан астам жұмыс орнын ашты.

Жалпы оларды одан әрі дамыту үшін:

  • тұрғын үй қоры мен инженерлік инфрақұрылым объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуге бюджеттен бөлінетін қаражаттың жыл сайынғы лимитін ұлғайту;
  • елді мекендердің әлеуметтік маңызы бар проблемаларын шешу бойынша мастер-жоспарлар әзірлеу;
  • жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты жандандыру ұсынылады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу