Құжат жобасына сәйкес ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 2 наурыздағы №95 және №96 "Қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелердің және өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы" және "Қызметтік тұрғынжайларды күтіп ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелердің және өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы" қаулыларының күші жойылады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң жобасына сәйкес осы тізбелерді бекіту мүдделі уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша Қорғаныс министрлігінің құзыретіне өтеді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталының "Ашық НҚА" бөлімінде осы жылдың 23 тамызына дейін танысуға болады.