ҚР үкіметтік жұмыс тобы кореялық бизнес өкілдерімен кездесті

577

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың жетекшілігімен Корея Республикасымен ынтымақтастық жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы кореялық іскер топтардың өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.  

ҚР үкіметтік жұмыс тобы кореялық бизнес өкілдерімен кездесті

Тараптар қолданыстағы жобалар бойынша бірлескен жұмысты, сондай-ақ Қазақстан-Корея стратегиялық экономикалық және инвестициялық серіктестігін одан әрі дамыту перспективасын жан-жақты талқылады.

Кореялық тараптан 15-ке жуық ірі компания: "Lotte Confectionery", "Medical Partners Korea", "Dongil Construction", "Samsung Electronics", "Daewoo Bus Company", "Mark Point", "POSCO", "SK E&C", сондай-ақ "KHIDI" индустрия және денсаулықты дамыту институтының, "KOTRA" сауданы ынталандыру агенттігі сияқты ұйымдардың басшылығы қатысты.

Кездесу барысында кореялық компаниялардың басшылары қолданыстағы жобаларды іске асыру тәжірибесімен бөлісті, Қазақстан экономикасының басым секторлары – құрылыс, тау-кен металлургиясы кешені, ақпараттық технологиялар, энергетика, машина жасау және өзге де салалардағы жаңа инвестициялық жоспарлары туралы айтты.

Қазақстандық тарап екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың зор әлеуеті бар екенін атап өтті, екіжақты ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктеріне назар аударылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу