Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік органдардағы бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу-тексеру шараларын жүргізуде, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
"Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 2016 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 185-бабының 3-тармағында ("Мемлекеттік құпияларды жария ету") және 362-бабының 3-тармағында ("Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану") көзделген қылмыстарды жасады деген күдікпен Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Хасен Нұрлан Болатұлы және Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлы ұсталды. Аталған тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабына сәйкес ҰҚК тергеу оқшаулағышына қамалды. Күдіктілердің және олардың туыстарының тұрғылықты жерлеріне тінту жүргізіліп, заттай айғақтар алынды. Тергеп-тексеру жалғастырылуда, оның барысы және нәтижелері туралы қосымша хабарланады", – делінген таратылған ақпаратта.