ҚР ҰҚК Қырғызстан шекарасында тексерудің неге күшейтілгенін түсіндірді

810

ҚР ҰҚК Қырғызстан шекарасында тексерудің неге күшейтілгенін түсіндірді

Қазақстан-Қырғызстан шекарасында жоспарлы шекаралық шара жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

 ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен "Мемлекеттік шекараның барлық периметрі бойынша оның ішінде қазақ-қырғыз учаскісінде жоспарлы шекаралық операция жүргізіліп жатыр.
Аталған операцияның мақсаты шекара кеңістігінде заңға қайшы әрекеттердің, террористік, контрабандалық және өзге де қылмыстық іс-қимылдың жолын кесу, шекаралық режимнің және көші-қон заңнамасының сақталуын қадағалау болып табылады. 
Осыған орай шекарадан өтетін тұлғаларды, көлік құралдары, жүк пен тауарды тексеру күшейтілді. 
Сонымен бірге шекарадан өтуге қандай да бір шектеу мен тыйым салынған жоқ.

ҰҚК шекара қызметі бөлімшелері және әскери қызметкерлерінің іс-әрекеті Қазақстан және шетел азаматтарының құқығы шектелмей, қатаң заңнама шеңберінде іске асырылуда", - деп, шекарадағы кезектің неден болғанына түсінік берді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы "Қордай" өткізу бекетінде шекарадан өтетіндерді тексеру күшейіп, ұзынсонар кезек пайда болғанын куәгерлер әлеуметтік желілерде жарыса жазған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу