ҚР Ұлттық банкі алдағы жылдардағы теңге бағамына қатысты тәуекелдерге баға берді

652

ҚР Ұлттық банкі алдағы жылдардағы теңге бағамына қатысты тәуекелдерге баға берді

ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев 2018-2022 жылдары курстық саясат туралы сөз қозғап, теңге бағамына әсер ететін факторларды атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақстандық экспорт позициясында әлемдік бағалардың тұрақты болу жағдайында 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы төлем балансы көрсеткіштерінің жақсаруы курстық саясатқа төнетін тәуекелдерді төмендетеді", - дейді Данияр Ақышев.

Ұлттық банк басшысы теңге бағамының динамикасы фундаментальды факторларға сәйкес болатынын хабарлайды. Атап айтқанда, төлем балансының ахуалы, әлемдік мұнай бағасы мен сауда серіктестері саналатын елдердің ахуалы туындайтын мәселелерден қорғап, экономиканың бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу