ҚР Ұлттық банкі IOSCO мүшесі болды

897

ҚР Ұлттық банкі IOSCO мүшесі болды

ҚР Ұлттық банкі Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялар халықаралық ұйымының (International Organization of Securities Commissions, IOSCO) толық мүшесі болды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

2018 жылғы 27 қарашада ҚР Ұлттық банкі Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялар халықаралық ұйымының Консультациялар, ынтымақтастық және ақпарат алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумына қол қойды.

Ұлттық банктің меморандумға қосылуға өтінімі 2018 жылғы 16 қарашада мақұлданды.

Осылайша, Ұлттық банк меморандум шеңберінде бағалы қағаздар нарығының басқа реттеушілерімен ақпарат алмасатын 120-шы толыққанды қатысушы болды.

Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялар халықаралық ұйымы (International Organization of Securities Commissions, IOSCO) – бағалы қағаздар нарығын реттеудің ұлттық органдарын біріктіретін ұйым. Ұлттық банк 1997 жылдан бері IOSCO-ның мүшесі.

Меморандум конфиденциалды ақпарат алмасу бөлігіндегі талаптарды белгілейді, ол талаптар ұлттық нормалар мен ережелердің бағалы қағаздар нарығы реттеушілеріне басқа юрисдикциялардағы өздерінің контрагенттерімен ақпарат алмасуға кедергі келтірмейтініне кепілдік береді.

Ұлттық банк – Орталық Азия елдерінің ішінде меморандумға қол қойған бірінші реттеуші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу