ҚР Ұлттық банкінің төрағасы неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

1369

Ұлттық банк төрағасы 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және либералды валюталық режимнің барлық қағидаттарының сақталуын көздейтін жаңа заң жайында айтып берді. 

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

Бүгін Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесуге қатысты, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

Іс-шараға Германияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннер, Германияның Алматы қаласындағы бас консулы Йорн Розенберг, сондай-ақ неміс компанияларының және неміс банктерінің еліміздегі өкілдіктерінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Данияр Ақышев Қазақстан Ұлттық банкінің негізгі міндеттері, қаржы секторындағы ағымдағы ахуал, сондай-ақ банк секторындағы ахуал туралы айтып берді.

Ұлттық банк төрағасы кездесуге қатысушыларға 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және либералды валюталық режимнің барлық қағидаттарының сақталуын көздейтін жаңа "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" заң жайында айтып берді. Соңында мұндай кездесулердің маңызды екенін және шетелдік бизнес-қоғамдастықпен ашық диалогқа қолдау көрсету қажеттілігін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу