ҚР ұлттық банкінің төрағасы: Теңге бағамын болжай алмаймыз

891

ҚР ұлттық банкінің төрағасы: Теңге бағамын болжай алмаймыз

ҚР ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев теңгенің айырбас бағамына қатысты жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды naryk.kz.

"Теңгенің еркін бағамы туралы жариялаған институт ретінде біз осы нарықта айырбас бағамын болжай алмаймыз. Дегенмен де сыртқы факторлар айтарлықтай тұрақтанғандығын үнемі айтып келеміз. Қазіргі кезде байқалып отырған мұнай бағасы ауытқуларынан теңге бағамына түзетулер орын алуда. Біздің ойымызша, бүгінде орын алып отырған номиналды айырбас бағамының өзгерістері болмашы деңгейде ғана. Бұл тұрғыда теңге бағамының әлсіреуі де, нағаюы да байқалуда. Осы орайда бұл үдеріске халық та, кәсіпорындар да үйренуі керек деп ойлаймын",- деді Ақышев Астана экономикалық форум аясында өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол ұлттық банкте ресейлік рубльге шаққанда теңгенің қандай да бір бағамын ұстану мақсаты жоқ екенін атап өтті.

ҰБ басшысы мемлекеттер арасындағы инфляция деңгейін ескере отырып, нақты бағамға қарау керектігіне тоқтала келе: "Қазіргі кезде біздің тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ететіндей теңгеде қажетті қор бар және біз төлем теңгерімінің ахуалына көбірек қараймыз, яғни біздің елдер арасындағы импорт-экспорт арақатынасына мән берудеміз", - деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу