Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Шәдибекұлы Алдабергенов ҚР ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылып, орнына Арман Дайырұлы Жұмабеков тағайындалды.
Арман Жұмабеков 1973 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1990 жылы бастаған. Түрлі жылдары мемлекеттік кірістер министрлігінің құрылымында, ҚР премьер-министрі кеңсесінде, Президент әкімшілігінде, сондай-ақ, коммерциялық секторда жұмыс істеген. 2018 жылғы мамырдан бастап 2019 жылғы наурызға дейін ҚР ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы лауазымын атқарған.