ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ірі көлемдегі есірткі контрабандасы арнасының жолын кесті

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ірі көлемдегі есірткі контрабандасы арнасының жолын кесті Фото: inbusiness.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің ірі партиясын тәркіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2024 жылдың 18 қаңтарында рейдтік іс-шаралар барысында Қазақстан-Ресей шекарасын кесіп өтпек болған кезде жүк көліктерінен тұтыну тауарларында жасырылған 100 келіге жуық есірткі заттары табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу