ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰБТ кезінде орын алған заң бұзушылықтарды тексеруде

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰБТ кезінде орын алған заң бұзушылықтарды тексеруде Фото: ibirzha.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұлттық бірыңғай тест тапсыру кезіндегі заң бұзушылықтарды тексеріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біз ҰҚК-мен өте тығыз жұмыс істеп жатырмыз, өздеріңізге белгілі, тест тапсырмалары және олардың мазмұны "Мемлекеттік құпиялар туралы" заңның объектілері болып табылады, сондықтан тергеуді ҰҚК жүргізіп жатыр. Биыл барлық өңірлерде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменттері тікелей тексеру жүргізді", – деді министр.

Оның айтуынша, жүздеген заң бұзушылықтар анықталған, нақты саны әлі белгісіз.

"Осы жағдайлардың әрқайсысы бойынша ҰҚК және ұлттық тестілеу орталығының өкілдерімен бірлесіп қосымша тергеу жүргізілуде. Егер ақпарат расталса, онда баллдар жойылады, егер грант алынған болса, ол да жойылады және одан әрі қайта бөлінеді. Қыркүйек айында қосымша нақтылау болады, яғни ең жоғары балл жинаған, бірақ грант алмаған талапкерлер арасында бұл гранттар қайта бөлінеді. Осы тексерудің қорытындысы бойынша Ұлттық тестілеу орталығы ресми мәлімдеме жасайды", – деп уәде берді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу