ҚР Ұлттық музейінің жәдігерлері Google Arts & Culture виртуалды көрмесінде ұсынылды

199

Жобаны ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесі жүзеге асырды. 

 ҚР Ұлттық музейінің жәдігерлері Google Arts & Culture виртуалды көрмесінде ұсынылды Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі "Жібек жолының ортақ мұрасы" виртуалды көрмесінде өз коллекциясынан 10 экспонат ұсынды, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Виртуалды көрме Google Arts & Culture платформасында жарияланған және оны мына сілтеме арқылы тамашалауға болады.

Google Arts & Culture – бұл әлемдегі серіктес мәдени ұйымдардың өнер туындылары мен мәдени артефактілерінің жоғары сападағы суреттері мен бейнелері бар Google басқаратын онлайн платформа.

Қазіргі уақытта сервис ұжымы кемінде 80 елдегі 2 мыңнан астам мәдени мекемелермен ынтымақтастық орнатқан. Қолданушылар платформадан өнер туындыларының көшірмелерін, сәулет ескерткіштері мен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысандары туралы мәліметтерді таба алады. Сондай-ақ, сайтта бүкіл әлемдегі мәдени мекемелердің мұрағаттарын көруге мүмкіндік беретін цифрлық көрмелер бар.

"Жібек жолының ортақ мұрасы" виртуалды көрмесі Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркменстанның ұлттық музейлерінен Жібек жолының мәдени мұрасын сипаттайтын 60 көрнекті музей жәдігерінен тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу