ҚР ҰОК Токио Олимпиадасына ресми шақырту алды

1304

ХОК дәстүр бойынша Олимпиадаға бір жыл уақыт қалғанда ұлттық олимпиадалық комитеттерге шақыру жібереді.  Қазіргі таңда Қазақстан командасында 10 лицензия бар. 

ҚР ҰОК Токио Олимпиадасына ресми шақырту алды

Бүгін Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті XXXII жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін ресми шақырту алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Халықаралық Олимпиадалық комитеттің шақыру хатында ХОК президенті доктор Томас Бахтың қолы қойылған. 

Айта кетейік, ХОК дәстүр бойынша Олимпиадаға бір жыл уақыт қалғанда ұлттық олимпиадалық комитеттерге шақыру жібереді.  Қазіргі таңда Қазақстан командасында 10 лицензия бар. Олимпиадағы жолдаманы суда жүзуші Дмитрий Баландин (100, 200 метр, брасс), жеңіл атлеттер Ольга Рыпакова мен Георгий Шейко, велошабандоз Евгений Гидич (лицензия белгілі бір спортшыға берілмейді), классикалық садақ атудан Қазақстанның ерлер командасы (Денис Ганькин, Ильфат Абдуллин, Санжар Мұсаев) және ашық суда жүзуші Виталий Худяков иеленді.

Садақ ату спортынан Қазақстан командалық және жекелей сайыста да өнер көрсетеді.

Токиодағы Олимпиада ойындарына әлемнің 206 елінен 11 мыңнан астам спортшы қатысады. Жарыс 2020 жылы шілденің 24-ді басталады, жабылу салтанаты тамыздың 9-да өтеді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу