Кран машинисі күшті жел кезінде неліктен кабинада қалып қойғанын айтты

1000

Кран машинисі күшті жел кезінде неліктен кабинада қалып қойғанын айтты

Астанада болған желді жоғарыдан видеоға түсірген кран машинисі Алма Әлімова осы кезде дін аман, деп хабарлайды ҚазАқпарат BI Group компаниясына сілтеме жасап

Бүгін әлеуметтік желіні шулатқан видеоны кран машинисі елордада күшті жел тұрып жатқан кезде Otau Development Group құрылыс нысанынан түсірген.

"Күшті жел болатыны туралы хабар қаланың жедел қызмет өкілдерінен сағат 13-05-те түсті. Диспетчер бірден секундына 17 метрлік жел тұратыны туралы ескерту жасады. Бұдан соң нысанның жауапты механиктері жедел ақпаратты мессенджерлер арқылы таратып, кран машинистеріне рация арқылы хабарлады", - деп түсіндірді компания өкілдері.

Қауіпсіздік техникасы ережесі бойынша, машинистер өздерінің кабиналарынан шығып кеткен. Алма Әлімова да осы кезде өзінің жұмыс орнын тастап шығуы керек болатын. Бұл кезде желдің ұйтқуы секундына 17 метр болып тұрған. Алайда ол жел тынышталғанда түсемін деп, жағдайдың қаншалықты күрделі екендігіне мән бермеген және осы әрекеті арқылы қауіпсіздік ережелерін бұзған. Ал жел болса, секундына 35 метр жылдамдықпен соға бастаған. Кран машинисті жел тоқтаған соң кабинадан шыққан. Ол зардап шеккен жоқ. Өзінің осы әрекетін ол сенсациялық видео түсіргісі келендігімен түсіндірді.

"Мен ескертудің қаншалықты қауіпті екендігіне жете мән бермеппін. Менде қорқыныш та үрей де болды. Соған қарамастан болып жатқан жағдайды видеоға түсіре бердім. 15 минуттан соң, жел тынышталып, мен жерге түстім", - дейді елорда тұрғыны.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу