"Кран" түріндегі ойын автоматтары мектеп маңында күрт көбейді – сенатор

340

Ойын автоматтарының негізгі аудиториясы – балалар.

"Кран" түріндегі ойын автоматтары мектеп маңында күрт көбейді – сенатор Фото: diapazon.kz

Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев өзінің депутаттық сауалында соңғы уақытта "кран" түріндегі ойын автоматтарының күрт көбейіп, мектептердің, үйірмелердің, спорт секцияларының маңында және балалар өздері кіретін дүкендердің ішінде жаппай орнатылып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

Депутат балалардың ойын автоматтарының негізгі аудиториясына айналғанын жеткізді. Оның айтуынша, балалар бұл аппараттарға мектептегі түскі асқа немесе күнделікті қажеттіліктерге берілген ақшаларын жұмсайды. Қауіптің айқын болуына қарамастан, аталған автоматтар "Ойын бизнесі туралы" заңның реттеу аясына кірмейді, техникалық стандарттармен белгіленбеген және жас шектеулері жоқ.

"Соңғы жылдары "Кран" немесе "Ұстап ал" – "Хватай-ка" деп аталатын автоматтардың кеңейуі алаңдаушылық тудырып отыр. Мұндай аппараттар ақшалай ұтыс қарастырылмағандықтан, құмар ойындары санатына жатпайды. Заң мұндай автоматтардың жұмыс механикасы, ұтыс алгоритмі, жас шектеулері немесе орналастыру талаптарына қатысты нормаларды қамтымайды. Санитариялық нормалар, сауда ережелері, техникалық регламенттері мен  басқа да талаптарды белгіленбеген. Олардың қауіпсіздігін, шықан жерін немесе балаларға арналған санитариялық талаптарға сәйкестігін тексерудің міндетті механизмі жоқ. "Кран" автоматтары денсаулыққа, мінез-құлық тәуекелі жоғары болуына қарамастан, балалар арасындағы аддиктивтік мінез-құлықтың алдын-алу механизмдері бірде-бір құқықтық-нормативтік актіде реттелмеген", – деді Ғалиасқар Сарыбаев.

Бақылаудың болмауы бұл салаға фискализациядан және ашық есептіліктен жалтаруға мүмкіндік беріп, қолма-қол ақша айналымының бақылаусыз өсуіне әкеледі, дейді ол. Көп жағдайда балалар жүлдені ұта алмау, механизмнің түсініксіз жұмысы және ақау кезінде ақшаның қайтарылмауы туралы шағымданады.

Ғалиасқар Сарыбаев бұл автоматтарға жеке құқықтық мәртебе беруді ұсынды. Сонымен қатар оларға міндетті сертификаттау мен механикалық тексеруді енгізуді, жас шектеулерін белгілеуді, оларды балалар мекемелері маңында орналастыруға тыйым салуды, сондай-ақ реттеу, салық салу және сыйлықтардың сапасын бақылау бойынша мемлекеттік органдардың құзыреттерін бекіту туралы да айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу