Краншылар құрылыс компанияларына наразы

965

Құрылыс компаниялары еңбекақы төлемеу үшін небір айла-әдістер жасайды. Жылдар бойы жарытып жалақы алмаған кран көлігінің жүргізушілері осылай деп отыр.

Краншылар құрылыс компанияларына наразы

Өткен демалыста елордада наразылық шеруіне шыққан азаматтар 1 наурыздан бастап жұмысқа шықпаймыз деп бекініп отыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Айтуларынша құрылыс компаниялары еңбек шартын жасаспайды. Салдарынан медициналық сақтандыру, зейнетақы төлемдері жүрмейді. Жұмыс барысында опат болса, ешкім жауапты емес. Арада келісімнің жоқтығынан құқықтарын қорғай алмай, қор болуда екен.

Краншылар еңбек шартынан бөлек, жалақыны 200-ден 800 мыңға көбейтуді, ал зейнет жасын 60-тан 55 жасқа дейін төмендетуді талап етуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу