Креативті индустрия өкілдері үшін арнайы салықтық жеңілдіктер енгізілді

254

Креативті индустрия қызметінің 40 түрі енді бөлшек салықтың арнайы салық режимі бойынша жұмыс істей алады.

Креативті индустрия өкілдері үшін арнайы салықтық жеңілдіктер енгізілді Фото: Сенат

Креативті индустрия өкілдері үшін арнайы салықтық жеңілдіктер енгізілген. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық құрылтайдың "Мәдениет. Өнер. Руханият" жұмыс секциясының жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрдің айтуынша, креативті индустрия қызметінің 40 түрі енді бөлшек салықтың арнайы салық режимі бойынша жұмыс істей алады.

"Креативті бизнес жеке табыс, қосылған құн және корпоротивтік табыс салықтарынан босатылады. Жеке кәсіпкер үшін 2-ден 4%-ға дейін, ЖШС үшін 8%-ға дейін бірыңғай салық төлейтін болады. Ал, мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама шеңберінде жас кәсіпкерлерге жылдық 2,5% жеңілдікпен несие беру енгізіліп отыр. Осы кезге дейін 26 млрд теңгенің 5,5 мыңнан астам жоба қаржыландырылды. Жұмыс орындарына 467 мың жас орналастырылды", - деді Аида Балаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу