Креативті индустрияны қолдау қоры құрылуы мүмкін

787

Yкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев тұтыну тауарлары бағасының өсуін тежеу мақсатында инфляцияға қарсы әрекет ету шараларының кешені әзірленетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Креативті индустрияны қолдау қоры құрылуы мүмкін

"Нарықты отандық өндірістің тұтыну тауарларымен молықтыруға бағытталған жедел және ортамерзімді шаралар қабылданады. Сондай-ақ ақша-кредит саясаты мен қаржы нарығын реттеу шараларын жүзеге асыру  қолға алынады", – деді министр. 

Әсет Ерғалиевтің айтуынша, шағын және орта кәсіпкерлікті тиімді дамыту мақсатында "Қарапайым заттар экономикасы" және "Бизнестің жол картасы" бағдарламаларын іске асыру 2022 жылдың соңына дейін жалғасады. 

"Жалпы алғанда, қаржыландыру көлемі шамамен 1 трлн теңгені құрайды. Креативті  индустрияны қолдау қорын құру мүмкіндігі қарастырылады. Өз қызметкерлерінің жалақысын арттыруға бизнесті ынталандыру үшін "ұтымды" шаралар әзірленеді. Реттелетін сатып алу шеңберінде жеңілдік, сондай-ақ мемлекеттік қолдауға басым қолжетімділік көзделеді", – деді ол.  

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу