Кредитін жапқан 1,5 млн адам "қара тізімнен" шыға алмай жүр, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Еліміздегі 2 кредиттік бюро 6,7 млн-ға жуық борышкерге қатысты мәліметті
жинақтап отыр. Осының ішінде 1,5 млн адам банк алдындағы міндеттемесінен біржола құтылған. Алайда олардың несие тарихы тазаланбаған.
"Бұл адамдар төлеу мерзімін 90 күннен асырып алып алған. Банктер мен микроқаржылық ұйымдар оларға қарыз бермейді. Мәселе несие тарихын сақтау мерзімі 10 жылдан 5 жылға дейін қысқарған кезде шешіледі", – деді Нұрлан Абдрахманов.
Қанат Махамбет