Кредиттен құтыласыз: Заң жобасы мақұлданды

600

Мәжіліс кредиттен құтылуға мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдады. 

Кредиттен құтыласыз: Заң жобасы мақұлданды

Құжатқа сәйкес азаматтар банкроттығын  соттан тыс және сот арқылы жариялай алады. Егер қарыз соммасы бес млн-нан асып кетсе, мәселе тек сот арқылы шешіледі. Және рәсім барысында борышкердің мүлкі сатылып, түскен қаражатпен қарызы жабылады. Бірақ бұл мәселе бастапқы келісімге байланысты. Егер азамат тұрғын үйді кепілге қойса, онда сатылымға шығарылады. Алайда, депутаттар заңның бұл механизімін қайта қарау қажет деп есептейді.

"Бұл мәселені солқылдатып қоюға болмайды. Өйткені жалғыз үй деген ол адамның соңғы үміті. Ары қарай ол бейбақ адамға айналып кетеді. Заңды жасау кезінде сол банктердің бір лоббиі бар секілді.  Халықтың бәрі күтіп отыр бұл заңды. Яғни мұнда жалғыз үйін алып қою мәселесін нақты шешу керек", дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев.

Сондай-ақ, бұл заңға төлем қабілеттілігін қалпына келтіру шаралары енгізілді. Яғни белгілі бір уақыттан кейін несиені бөліп төлеуге мүмкіндік беріледі. Бұдан бөлек, қарыздан құтылған азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру көзделген. Сол үшін бюджеттен қаражат бөлінеді. Заң 1-ші қаңтардан бастап күшіне енеді деп күтіліп отыр.

"Айналып келгенде банкрот деген жақсы сөз емес қой. Дегенмен сіз айтқан оқытуға көп қаражат бөлінбейді. Бұл жерде ары қарай халықты қарызға батырмауды ойластыруымыз керек", деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары  Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу