Кредиттен құтылғысы келетін 1500 азамат өтініш берген

527

Бүгін қарыздың қарғыбауынан құтылғысы келетіндерден өтініш қабылдау басталды. 

Кредиттен құтылғысы келетін 1500 азамат  өтініш берген  Фото: Ult.kz

Десе де алашапқын жоқ. Осы кезге дейін 1500 қазақстандық өзін банкрот деп жариялау үшін өтініш тастаған. Десе де, бұл мәселеге көңілі толмаған азаматтар да болған.

Бүгін Халыққа қызмет орталығы әдеттегідей жұмыс істеп тұр. Кезекте қаңтарылып тұрған жұртты байқамадық. Мұның уақытша процесс емес екенін түсінсе керек. Десе де, осы күнді асыға күткендер бірінші күні-ақ, өтініш беріп үлгергендер бар. 

"Мен микроқаржылық ұйымда қарызым бар. Бір жыл болды төленбей жүргеніне. Бүгін ЦОН-ға барып өтініш бердім. Қабылданып кетсе қуанар едім", дейді қала тұрғыны.

Ал Қарағанды облысының тұрғындарында сұрақ көп көрінеді. Кредиттік қара тізімге өткен борышкерлер бүгін ақыры өтініш бере алмаған. Солардың ішінде көпбалалы аналар да бар. 

Десе де бүгін 1500 қазақстандық өтініш тастап үлгерген.  Өтінішті egov.kz сайтында және eGov Mobile мен e-Salyq Аzamat мобильді қосымшаларында онлайн, сондай-ақ, кез-келген халыққа қызмет көрсету орталығында беруге болады. Бастысы мынаны ескеру қажет. 

"Негізі несиеден арылудың үш жолы көрсетілген. Бірінші рәсім соттан тыс жүреді. 12 ай ішінде қарызын өтей алмаған адам қолдана алады. Шарты: борышкердің қарыз сомасы 5 млн теңгеге жетпейтін, табысы 36 мың теңгеден аспайтын, әрі жеке мүлігі жоқ болуы тиіс.    

Екінші рәсімді 5 млн теңгеден жоғары несие алған, тұрақты кірісі бар, бірақ қарызды өтеудің басқа жолын қарастырып жүргендер қолданады. Бұл енді сот арқылы жүреді. Сондықтан борышкердің кез-келген мүлкі  тәркіленіп,  түскен қаржымен азын-аулақ болса да қарызы өтеледі", дейді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қарыздарды басқару департаменті басшысының орынбасары Меруерт Сисембаева.

Үшінші рәсім бұл төлем қабілетін реттеу талабы. Қарызыңызды 5 жылға бөліп төлеуге кесте аласыз. Борышкерге айыппұл салу және сыйақы есептеу автоматты түрде тоқтатылады. 

Егер бірінші және екінші рәсімді қолданып, сіз "банкрот" деген статус алсаңыз, онда 5 жыл көлемінде мүлдем несие алу құқығынан айырласыз. Әрі 3 жыл шетелге де шықпайсыз. Тағы 7 жыл өзіңізді екінші қайтара банкрот деп жариялауыңызға болмайды.  

Атаулы әлеуметтік көмек алып отырғандар да жүгінуге мүмкіндіктері бар. Өтініш электронды түрде қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу