Кредиттердің өсімпұл мерзімі қысқартылды

1567

Бұрынғы нормада кепілсіз алынған тұтыну несиелері уақытында төленбесе, 180 күн бойы айыппұл мен өсімпұл қосылатын. 

Кредиттердің өсімпұл мерзімі қысқартылды

Жыл басында "Банктер және банк қызметі", "Микроқаржы ұйымдары туралы" заңға енгізілген өзгертулер күшіне енген болатын. Жаңа норма бойынша кепілсіз алынған тұтыну несиелерінің өсімпұл мерзімін азайтлып отыр. Осы арқылы мемлекет проблемалық несиелердің күрделенуіне тосқауыл қоймақшы. Бұдан былай екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдары уақтылы төленбей жатқан  кепілсіз тұтынушылық қарыз иелеріне 90 күн  ішінде ғана айыппұл мен өсімпұлдар, комиссиялар қоса алады. Заңның бұл талабын Ұлттық экономика министрінің орынбасары Ермек Алпысов былай деп түсіндірді:

"Бұрынғы нормада кепілсіз алынған тұтыну несиелері уақытында төленбесе, 180 күн бойы айыппұл мен өсімпұл қосылатын. Әр күн сайын 0,5 пайыз өсімпұл кететін. Биылдан бастап бұл мерзім 90 күнге қысқартылды. Төленбей жатқан несиеге айыппұл мен өсімпұл 90 күн бойы ғана қосылады. Одан кейін ешқандай айыппұл да, үстеме ақы мен өсімпұл да төленбейді. Заңға осындай өзгеріс енгізіліп отыр. Бұл несие алатын азаматтарға жеңілдік деп ойлаймын", – деді вице-министр.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу