Кредитті шегеру туралы 1,8 млн өтініш түскен

1399

5,3 млн қазақстандық банктер мен қаржы ұйымдарына 4,4 трлн теңгедей қарыз.

Кредитті шегеру туралы 1,8 млн өтініш түскен

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, микроқаржы ұйымдарының қарыз қоржыны 293 млрд теңгеге жетті. 2018 жылы бұл көрсеткіш 33,7%-ға аз кем болды. Бұл туралы ranking.kz басылымы хабарлады.

Қаржы нарығында өте қарқынды дамып келе жатқандардың бірі – осы сектор. Мұндай қаржы ұйымдарының несие қоржынының 98,1% жеке тұлғаларға, ал 1,9% заңды тұлғаларға берілген қарыздан тұрады. Статистика жөніндегі комитеттің дерегіне сүйенсек, қарыздың 77% кәсіпкерлерге үлестірілген. Яғни микроқаржы ұйымдарының негізгі клиенттері – өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар.

Ескере кететін жайт, ҚР қаржы нарығының 98% банк секторына, ал 1,2% микроқаржы ұйымдарына тиесілі. Аталғандардың барлығы да пандемияға байланысты қабылданған ережелерді орындап жатыр. Яғни ТЖ режимі кезінде олар қарыз алушыларға айыппұл мен өсімпұл салмайды және төлемдерді 90 күнге шегеруге рұқсат береді. 

ҚР Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, қазіргі таңда 5,3 млн қазақстандықтың 4,4 трлн теңгедей қарызы бар екен. Ал 26,2 мың шағын және орта бизнестің 3,9 трлн теңгедей берешегі бар. 28 сәуірдегі жағдай бойынша, екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы және басқа да несиелік ұйымдарға төлемді шегеру туралы жазылған 1,8 млн өтініш түскен. Олардың 90,7%-ына төлемді 90 күннен кейін өтеуге рұқсат берілді. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу