Кремль көтерілістен кейін Путин мен Пригожиннің кездескенін растады

1013

Дмитрий Песковтың айтуынша, жалдамалы сарбаздарға "жұмысқа орналасу мүмкіндіктері" ұсынылған. 

Кремль көтерілістен кейін Путин мен Пригожиннің кездескенін растады Фото: chechenews.com

Ресей президенті Владимир Путин "Вагнер" ЖӘК негізін қалаушы Евгений Пригожинмен, сондай-ақ тағы 30-дан астам жалдамалы командирлермен кездесті, деп жазады inbusiness.kz.

Кремльде айтылғандай, кездесу 29 маусымда, көтерілістен бес күн өткен соң өтті, алайда кездесу жайында ауыз толтырып айтарлық ақпарат жоқ. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, отырысқа Росгвардиясының басшысы Виктор Золотов пен СБҚ басшысы Сергей Нарышкин де қатысты.

"Путин командирлердің уәждерін тыңдап, оларға жұмысқа орналасу және одан әрі жауынгерлікті жалғастыру нұсқаларын ұсынды. Командирлердің болған оқиғаны өз сөздерімен баяндап берді. Олар Мемлекет басшысының және Жоғарғы Бас қолбасшының сенімді жақтаушылары мен сарбаздары екендіктерін атап өтті, сонымен қатар Отан үшін күресті жалғастыруға дайын екендіктерін мәлімдеді", — деп хабарлады Д. Песков.

Ал 29 маусымда Кремль Евгений Пригожиннің орналасқан жері туралы ақпарат жоқ деп ресми түрде мәлімдеме жасаған еді. 

Көтерілістен кейін "Вагнердің" негізін қалаушы жалдамалылардың бір тобымен Беларуське барады деп болжанған. Басқаларына Қорғаныс министрлігімен келісімшарттарға қол қою, яғни ресми түрде Ресей Қарулы күштеріне қызметке кіру ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу