Кремль: Ресей Халықаралық қылмыстық соттың заңдық күшін мойындамайды

1800

Ресей Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) юрисдикциясын мойындамайды. 

Кремль: Ресей Халықаралық қылмыстық соттың заңдық күшін мойындамайды Фото: img8.eadaily.com

Бұл туралы Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Кремль Украинадағы жағдай бойынша Ресей Федерациясына қарсы екі істі Халықаралық қылмыстық сотта қарау мүмкіндігі туралы ақпаратқа жауап берді.

"Біз бұл сотты мойындамаймыз, сәйкесінше аталған соттың заңдық күшін мойындамаймыз. Бұл мәселеде біздің көзқарасымыз осындай", — деді Песков.

13 наурыз қарсаңында американдық New York Times газеті өзінің дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, ХҚС Ресейге қарсы әскери қылмыстар туралы іс қозғайтынын хабарлады. Яғни украиналық балаларды ұрлап, азаматтық инфрақұрылымға қасақана соққы берді деген айып тағылуы мүмкін. Кейбір дипломаттар мен сарапшылар басылымға "Ресей президенті Владимир Путинге де айып тағылуы мүмкін, өйткені сот Мемлекет басшысының әскери қылмыстарға, адамзатқа қарсы қылмыстарға немесе геноцидке қатысты істердегі иммунитетін мойындамайды" деп мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу