Кремль Ресей мен Әзербайжанның қарым-қатынасына қатысты мәлімдеме жасады

102

Мәскеу екі елді ортақ тарих байланыстырады деген пікірде.    

Кремль Ресей мен Әзербайжанның қарым-қатынасына қатысты мәлімдеме жасады Фото: sk-moskvich.ru

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей мен Әзербайжан қарым-қатынасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз әлі де серіктеспіз. Ресей мен Әзербайжан – ең жақын әріптес әрі одақтас елдер және солай болып қалуы тиіс. Бұл елдерді ортақ тарих, бүгінгі күн мен ортақ болашақ біріктіреді", – деді Дмитрий Песков журналистердің сауалына берген жауабында.

Оның айтуынша, Мәскеу мен Баку арасында туындайтын кез келген мәселе конструктивті жолмен шешілуі тиіс.

Дмитрий Песков Ресей дипломаттарының Әзербайжан тарапымен тұрақты байланыста екенін және бұрын ұсталған ресейліктердің мүддесін қорғап жатқанын айтты.

"Біздің елшіліктер мен дипломатиялық өкілдіктер әзербайжандық әріптестерімен тұрақты байланыста. Олар ұсталған ресейліктердің мүддесін қорғау мақсатында заң мен дипломатиялық тәжірибеде көзделген барлық мүмкіндікті пайдаланып отыр", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу